1-тапсырма. Мәтіннен толықтауышты тауып, астын сыз. Жапырақтарының пішіні әр түрлі: төменгі жапырақтары жалпақ, жұмыртқа пішінді, ал жоғарғылары — жіңішке, қандауыр тәрізді, шеті иректеліп келеді.
Гүлдері ірі, қос жынысты, ұзын гүлсағағында (ұзындығы 3 — 12 см) орналасады. Аналық мойны шар тәрізді. Жоғары күлтесі қанық көк, қошқыл, екі жағындағылары — ашық көк, төменгілері — сары түсті болады. Сәуір айында гүлдеп, шілде — тамызда жеміс салады.
Жемісі — үш ұялы қауашық, піскен кезде өздігінен жарылып кетеді.
3-тапсырма. «Шегіргүл» сөзіне фонетикалық талдау жаса