№1 тапсырма. Мәтіннен 2 негізгі,2 қосымша,2 детальді ақпараттарды анықтаңыз. БҰҰ-ның зерттеулеріне қарағанда, 2025 жылы дүние жүзі халықтарының үштен екісі су тапшылығынан зардап шегетін корінеді.
1992 жылы Рио-де-Жанейрода Англияның БҰҰ-дағы бұрынғы елшісі Гриспин Тикелл бүкіл дүниеде ауыз су өзекті мәселеге айналып отырғаньш ескертіп былай деген болатын: «Мұнай үшін болған соғыстар су үшін болатын соғыстардан әлдеқайда артта қалады».
Табиғат - төңірдің сыйы - суды пайдалану, үнемдеу, тазалығын қорғау мәселесі - адамзат алдындағы халықаралық ұйымдар алдындағы және БҰҰ-ның алдындағы ең маңызды мәселе.
Табиғат-ананың сыйы - судың да сұрауы бар екенін ұмытпайық.
Біздің планетамызда су көп, әйтсе де сол судың қадірін білеміз бе? Жер шарының 60%-інде тұратын халық тұщы судың болмауынан немесе жетіспеуінен зардап шегеді. Мәселен, Грецияның Афины және Пиреяға жақын орналасқан аудандарында ауыз су жоқ. Оны алыстағы таулардан тасып ішетіндіктен, су бұл жерде шараптан да қымбат. Хорватияның көптеген облыстарында судың әрбір тамшысы есептелінеді. Югославияның кейбір теңіз жағалауындағы аудаңдары мен аралдары кемемен жеткізілген тұщы суды пайдаланады. Кейбір жерлерде су автомашинамен, тіпті ұшақпен тасылады. Мәселен, Гонконг пен Сингапур тұщы суды көршілес Қытай мен Малайзиядан алады. Алжир елі бүтіндей дерлік ауыз суды тасып ішеді. Жапон елінде де ауыз су өте көп еңбекпен келеді. Мұндай мысалдарды көптеген келтіруге болады. Су проблемасы аса маңызды проблеманың біріне айналатын күн де таяу.

карим113 карим113    1   12.03.2021 10:37    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi