1-тапсырма.Мәтіннің бөліктерін тыңдап, әр бөлігіндегі берілген тапсырмаларды анықтаңыз. 1 мәтін:2 деректі және 2 дерексіз зат есімдерді тауып жаз.
Біз жылда «Отбасы күнін» шағын мейрам ретінде атап өтеміз. «Отбасы күні» қыргүйек айының екінші жексенбісінде болады. Бұл күні отбасы мүшелері, ағайын-туыс үйге жиналады. Біз бір-бірімізге сыйлықтар береміз және бақыт тілейміз. Осылайша, бір-бірімізге қуаныш сыйлаймыз. Әкем анам мен әжеме гүлшоқтарын береді. Анам мерекелік дастарқан жаяды. Мен суретке түсіремін. Отбасылық мереке қызықты өтеді. Әкем – отбасының тірегі, анам – отбасының берекесі. Ағайын-туыстарымыз – біздің жақын адамдарымыз.

2 мәтін:Мәтіннен сын есімдерді ажыратып жаз.
Менің атым – Әнел. Мен алтыншы сыныпта оқимын. Біздің отбасымызда үш адам бар: әкем, анам және мен. Біздің отбасылық дәстүріміз бар. Әкемнің мамандығы – заңгер. Ол кісі – өте білімді, дарынды, жауапкершілігі жоғары адам. Ол маған қатал талап қояды. Анам емханада дәрігер болып жұмыс істейді. Ол – ақылды, мейірімді жан. Әкем де, анам да мені қолдайды, түсінеді. Ата-анам мені жақсы көреді, еркелетеді, білмегенімді үйретеді. «Өзімшіл болма!» - деп ескертеді.

3 мәтін:Мәтіннен сан есімдерді ажыратып жаз.
Мұхтар Әуезов 1897 жылы қыркүйектің қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Бөрілі ауылында туған. Әкесі – Омархан мен атасы - Әуез – сауатты кісілер. Мұхтардың атасы Абайдың ауылымен сыйлас болған. Үнемі хабарласып, араласып отырған. Мұхтар 6 жасынан Абайдың өлеңдерін жаттап өскен.Жазушының Абай туралы ең үлкен еңбегі – «Абай жолы» атты 4 томдық роман-эпопея. Романның 1-томы Абайдың балалық шағынан басталады. Жазушы бала Абайдың отбасы, өнеге алған ортасы, шәкірттері жайлы жазды. Ал романның 4-томы Абайдың қайтыс болуымен аяқталады.

Аньсминожек Аньсминожек    3   21.09.2021 19:40    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi