1-тапсырма. Мәтіндерді оқып, тақырыбын, мазмұнын, стилін, тілдік ерекшелігін салыстырыңыз. А мәтіні

– Балалар, Отырар кітапханасы — моңғол билігіне дейін Отырарда орналасқан әлемдегі ірі кітапханалардың бірегейі болғанын білесіздер ме?
– Иә, ұстаз, кейбір деректерде кітапхана ауқымы жағынан тек Александрия кітапханасынан ғана кіші болған дейді. Шыңғысхан Отырарды қиратқаннан кейін, кітапханаға не болғаны әлі күнге дейін белгісіз.
– Ажар, осы Отырар кітапханасы туралы тағы қандай ақпарат білесіз?
– Профессор Еренғайып Омаров Отырар кітапханасы туралы сұхбатында Александрия кітапханасы 391 жылы өртелгенін, Отырар кітапханасы сол жылдан бастап, яғни 830 жылдай әлемдегі ең үлкен кітапхана болып тұрғанын айтады. Ал енді тым батыл шешім айтар болсам, Александрия кітапханасының басым бөлігінің өртелуі б.д.д. 47 жылға тиесілі екен. Өрттен аман қалған кітаптары бар болған күннің өзінде Отырар кітапханасының қорынан аз болуы мүмкін. Олай болса, Отырар кітапханасы 1000-1200 жыл шамасындай уақыт дүние жүзіндегі ең үлкен кітапхана болған.
–Жарайсың, Ажар! Құнды ақпаратпен бөліскенің үшін рақмет.
–Ұстаз, «Білгенге маржан, білмеске арзан, надандар бәһра ала алмас»,- деп Абай атамыз айтқандай, білгенім пайдаға жараса мен үшін үлкен жетістік.
–Тамаша! Көп оқығанның пайдасы осы, оқушылар!

Ә мәтіні

Құттықтау хат

Құрметті Қайырбек Гүлназ!
Сізді Атырау қаласы «Алфа» білім беру орталығы ұйымдастырған «Кітап – сарқылмайтын қазына» атты кітап оқу сайысына қатысып, жүлделі орын алуыңызбен құттықтаймыз!
Бұл сайыста қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау арқылы көрермен көзайымына айналдыңыз. Сізге «Алфа» білім беру орталығы атынан ерекше алғысымызды білдіреміз.

Ізгі ниетпен: «Алфа» білім беру орталығы ұжымы
Атырау қаласы, 2019 жыл

Мәтіндер А мәтіні Ә мәтіні
Тақырыбы
Мазмұны

Стилі

Тілдік ерекшеліг ​

Dumbass1007 Dumbass1007    2   05.05.2021 06:24    6

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi