1-тапсырма. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, құрылымы, стилі, мақсатты аудиториясы, тілдік ереркшелігі тұрғысынан салыстырыңыз.
жат
сөз
1-мәтін
Бұл экспериментке 150 адам қатысқан. Олар 1000 сөзден тұратын мәтінді оқуы
керек болған. Қатысушылардың жартысына кейіпкердің дәмханаға кіріп адамдармен
әңгімелесетінін, оның хаты жергілікті газетке қалай жарық көргені туралы әңгіме
берілді. Ал екінші жартысы оқиға орны өзгерген ғылыми-фантастикалық нұсқадағы
әңгімені оқуы керек: ғарыш кемесінде жүрген кейіпкер, бөтен адамдар, андроидтар
ғаламшарлықтар. Бірінші мәтінде «есік» деген кездессе, Ғылыми-
фантастикалық шығармада ол сөз «шлюз камерасына» ауыстырылады. Сөздері
өзгерсе де екі әңгіменің де оқиғасы бірдей болған.
Экспериментке қатысушылар әңгімені оқып шыққан соң шығармадағы бас кейіпкердің
баяндауы мен оның жай-күйін қалай қабылдағаны туралы баяндауы керек.
Зерттеушілер сюжет желісінің ғылыми фантастикаға ауысуы қатысушылардың көркем
тілді түсінуін бірден төмендеткенін айтады. Олардың айтуынша, ғылыми фантастика
оқырмандары кейіпкердің күйін сезінбейді.
Екінші мәтінді талдағандардың көпшілігі ғылыми фантастикадағы оқиғалар назар
аударуға тұрмайды және терең ойланып оқуды қажет етпейді деп санаған.
2-мәтін.
Курчатов қаласындағы ядролық зерттеу орталығы. Аса қауіпті радиоактивті
заттармен жұмыс істеуге арналған зертхана. Жердің астында бункерде орналасқан.
Бункер екі аймаққа қалыңдығы 20 сантиметр қорғасын тотығы қосылған радиоактивті
сәуле өткізбейтін шынымен бөлінген.
Орындық үстінде отырған ғалымдар шынтақтарын төбеден түскен білектей жуан
буындары бар ілмектерге креслоның қанаттарына тіреп отырғандай. Ілмектер
Қолдың
буындарының қимылына сәйкес дәлме-дәл қозғалады. Әр ілмек басында
қайшының