1 - тапсырма . Мәтіндерді оқыңдар . Тірек сөздерді тауып , негізгі ойды анықтандар 1. « Біздің бай тарихымыздың материалдық емес мұрасы терең рухани мағынаға ие және ол ұлттың мәдени құндылықтарының негізі саналады . Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның бір жетістігі ЮНЕСКО - мен ынтымақтастық қарым - қатынасты орнату және нығайту болып саналады . Соның нәтижесінде 2014-2015 жылдары адамзаттың бүкіләлемдік материалдық емес мәдени мұралар тізіміне қазақтың киіз үйі , айтыс және күй өнері енгізілді . Қазақтың қасиетті киіз үйі , суырыпсалма айтысы мен күмбірлеген киелі күйі енді қазақтың ғана емес , бүкіл адамзаттың рухани мұрасы саналады . Оған куә бүгін мұражайға тапсырылып отырған ЮНЕСКО - ның арнайы сертификаттары ... » деп атап өтті И.Тасмағамбетов . ЮНЕСКО - ның тізіміне мұраларды тіркеу Қазақстанның материалдық емес мәдени мұраларын елімізде және халықаралық деңгейде кеңінен насихаттауға , сондай - ақ оларды қорғау бойынша ұлттық деңгейде жүйелі шаралар қабылдауға ықпал етеді .
2. « Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі » шеңберінде бағзы замандардан ! келе жатқан күй атасы – Қорқыттан бастап ықыласқа дейінгі қобызға арналған күйлер мен Сармалай бастаған сыбызғы күйлерінің де сараланып осы жинаққа енгізілуі – жобаның құнын арттыра түсетін соны жаңалық . Еліміздің алуан аймақтарында қалыптасқан Шығыс , Батыс , Арқа , Қаратау , Жетісу , Сыр бойы , Маңғыстау күй мектептерінің ғана емес ,елімізден тысқары Моңғолия , Қытай қазақтары күй дәстүрлерінің бір жобада тоғысуын терең тамырлы халқымыздың мәдени бірлігінің айқын айғағы деп бағалаған жөн . Қай замандағы болмасын күй өнеріндегі ортақ сарын азаттыққа , бостандыққа ұмтылу , ел тәуелсіздігін аңсау . Осы тұрғыдан алғанда , қазақ күйлері – халқымыздың ғасырлар бойы армандап , бүгінгі ұрпақ жүзеге асырған , тәуелсіздікті жақындатқан ең қастерлі құндылық .
3. Күй құрылымы жағынан шағын болғанмен , мазмұны терең , ойлы , сырлы , әуендік бітімі күрделі , музыкалық формасы кемел , жанрлық заңдылық белгілері әбден тәптіштелген аспаптық пьеса . Күйдің қай заманнан бері тартылып келе жатқандығының нақты дерегі жоқ . Бірқатар зерттеушілер күй бағзының бағзысында , ғұн , түркі дәуірінде пайда болған деп пайымдайды . Күйлер , негізінен , үш домбыра , қобыз , сыбызғыда орындалады . Соның ішінде дәстүрлі қазақ музыкасының мейлінше кең таралған және аса биік профессионалдық өреге жеткен саласы – домбыра күйлері . Бұл - XVII XIX ғасырларда байқалған құбылыс . Алайда ең көне күйлердің қобыз бен сыбызғыда орындалғаны даусыз ақиқат . аспапта