1-тапсырма. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай талдаңыздар. Разобрать выделенные жирным шрифтом слова по составу. Составить 5 вопросительных предложений по тексту.
Қара шаңырақ
Қазақ үшін кенже бала шаңырақ иесі. Басында балалары өз алдына отау үй тіккенде, әрқайсысы қара шаңырақтан енші алады. Әкем марқұм ұзақ сапарға жолаушылап шыққанда, жүз шақырым жердегі қалада тұратын Кәрім дейтін немере інісінің үйінен міндетті түрде дәм тататын.
Бірде менің «неге?» деген сұрағыма әкем: «Қара шаңырақ осы үйде» деді. Кейін білсем, әкем ғана емес, жақын туыстардың барлығы да сол үйді аттап өткен емес. Өйткені Кәрім ағаның бесінші атасы Наурызбай бабамыздың кенжесі көрінеді. Кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарында да, тіпті аталарымыз бен әкелеріміз осы үйден дәм ауыз тиіп, майданға аттанған екен.
Қара шаңырақтың амандығына не жетсін!