1-тапсырма. Мәтіндегі ақпараттарды пайдаланып, күрделі жоспар құрыңдар. Көшпенділердің музыкалық мәдениетінің тамыры өте тереңде жатыр. Жартастардағы суреттерден билеп жүрген адамдардың, таяққа ілінген сылдырмақтарда ойнап тұрған бейнелерін кездестіруге болады. Көшпенділердің ең көне музыкалық аспаптары: ұрмалы даңғыра, қурайдан жасалған үрмелі сыбызғы, ілмелі-шертпелі қобыз, домбыра іспеттес қарапайым аспаптар болған. Эпостардағы «адырнасын ала өгіздей мөңіреткен» деп келетін жыр жолдары өнерпаз жауынгердің садағының адырнасын іркіп-тартып музыкалық үн шығаратынын білдірсе керек. Орталық Азия, Сібір, Тибет халықтарында бүгінге дейін кездесетін бір ішекті қобыз осы музыкалық аспаптың көне түрі болуы мүмкін.
Ауызбен үрлеп ойнайтын, қыштан жасалған уілдек деп аталатын аспаптың көне түрлері ортағасырлық Отырар қаласынан, Жамбыл облысындағы Ақтөбе (Баласағұн) қаласынан табылған. Олар Х-ХІІ ғасырларға жатады. Қорқыт ата бүкіл түркілер әлемінің сарын, күй, әуен өнерінің атасы болса, одан бергі музыка өнері Әл-Фарабидің, ибн Синаның, ұлы жыршы Кетбұғаның, Сыпыра жыраудың, Асанқайғының, Қазтуғанның,
Әбу әл-Қадырдың, Әбдірахман Жәмидің, Бұқардың, Нысан абыздың есімдерімен байланысты.

radomirboy radomirboy    2   16.10.2020 22:26    6

Ответы
FUKCтическая FUKCтическая  15.11.2020 22:27

Объяснение:

Көшпелілердің музыкалық мәдениетінің тамыры өте тереңде жатыр. Жартастардағы суреттерден билеп жүрген адамдардың, таяққа ілінген сылдырмақтарда ойнап тұрған адам бейнелерін кездестіруге болады. Әсілі, көшпелілердегі ең көне музыкалық аспаптар — ұрмалы даңғыра, курайдан жасалған үрмелі сыбызғы, ілмелі-шертпелі қобыз, домбыра іспеттес қарапайым аспаптар болған. Эпостардағы “адырнасын ала өгіздей мөңіреткен” деп келетін жыр жолдары өнерпаз жауынгердің садағының адырнасын іркіп-тартып музыкалық үн шығаратынын білдірсе керек. Орталық Азия, Сібір, Тибет халықтарында бүгінге дейін кездесетін бір ішекті қобыз осы музыкалык аспаптың көне түрі болуы мүмкін. Көне Хорезм жеріндегі Қойқырылған қала деп аталатын дөңгелек бекіністен домбыра сияқты екі ішекті аспапта ойнап отырған адамдардың бейнесі табылған. Зерттеушілердің ойынша, бұл домбыраның көне түрі. Академик В. В. Виноградовтың пікірінше, қазақтың домбырасы мен қырғыздың қобызы сияқты аспап кем дегенде бұдан екі мың жыл бұрын пайда болған, қазақтың қобызы осы күнгі виолончель, скрипкалардың арғы атасы. Музыка, музыкалық аспаптар тарихын зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша, он түріндегі музыкалык мұра (вокалды музыка) және сарын, күй түріндегі мұраның (аспапты музыка) жіктеліп бөлінуі, бері дегенде, VI—VIII ғасырларда басталды. Ұлытау төңірегінен табылған түркі дәуіріне жататын тас мүсіннің бір бүйірінде қобыздың суреті, ал арқасында коңыраудың суреті салынған. Қобыз бен қоңырау бақсының аспаптары. Олар коңырау, әртүрлі сылдырмақтарды қағып жүріп би билеп, қобызбен сарын ойнап, жын шақырған. Тас мүсінде осындай бақсы бейнеленген болуы керек. Жалпы, көшпелілердегі алғашқы кәсіпқой музыкант бақсы болған. Сонау VIII ғасырда өмір сүрген, түркі әлеміне ортақ Қорқыт алғашқы шебер музыкант, күй атасы, бақсылардың пірі болып саналады. Ауызбен үрлеп ойнайтын казақтың қыштан жасалған уілдек деп аталатын аспабының көне түрлері ортағасырлық Отырар қаласынан, Жамбыл облысындағы Ақтөбе (Баласағүн) қаласынан табылған. Олар X—XII ғасырларға жатады. Қоркыт ата бүкіл түркілер әлемінің сарын, күй, әуен өнерінің атасы болса, одан бергі музыка өнері әл-Фарабидің (IX—X ғғ.), ибн-Синаның (X ғ.), Ұлы жыршы Кетбүғаның (XIII ғ.), Сыпыра жыраудың (XIV ғ.), Асанкайғының (XV ғ.), Қазтуғанның (XV ғ.), Әбу әл-Қадырдың (XV ғ.), Әбдірахман Жәмидің (XV ғ.), Бұқардың (XVIII ғ.), Нысан абыздың (XVIII ғ.) аттарымен байланысты. Олар күйші-сазгер, жыр-шылар болған. Ал әл-Фараби, ибн-Сина музыка ілімінің теориясын алғаш жасаушы ғалымдар.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi