1-тапсырма Мәтінде көтерілген мәселені анықтап, талдайды.
Отырар кітапханасы — монғол билігіне дейінгі Отырарда орналасқан әлемдегі ірі кітапханалардың бірегейі болған. Тарихи деректер бойынша, бұл кітапхананың негізін салушы ретінде ғалым әрі философ Әл-Фараби делінеді. Сондай-ақ, XII ғасырдың соңындағы кітап жинақтардың қараушысы Сунақ руынан шыққан Хисамуддин болған екен. Кейбір деректерде: «Кітапхана ауқымы жағынан тек Александрия кітапханасынан ғана кіші болған», - делінеді. Шыңғысхан Отырарды қиратқаннан кейін, кітапханаға не болғаны әлі күнге дейін белгісіз. Ондағы кітаптар жайлы да жазба деректерде айтылмаған. Қазіргі кезде Отырар кітапханасының кітаптарының «тағдыры» жайлы сан алуан әңгіме бар. Осы жағымен ол іздеушілерді өзіне тартады. Кейбір деректер бойынша монғол шапқыншылығы кезінде кітаптардың жерасты жолдарында сақталуы мүмкін екен. Ал, кейіннен оларды жеті жасар бала тауып алды делінеді. Дегенмен мұндай болжамдар нақты дәлелдерге негізделмегендіктен ғылымда әлі күнге дейін мойындалмай келеді. Сонымен қатар, профессор Еренғайып Омаров Отырар кітапханасы туралы сұхбатында: «Александрия кітапханасы 391 жылы өртелген болса, Отырар кітапханасы сол жылдан бастап бері қарай, яғни 830 жылдай әлемдегі ең үлкен кітапхана болып тұрған. Ал енді тым батыл шешім айтар болсақ, Александрия кітапханасының басым бөлігінің өртелуі б.д.д. 47 жылға тиесілі екенін ескерсек, өрттен аман қалған кітаптары бар болған күннің өзінде Отырар кітапханасының қорынан аз болуы мүмкін. Олай болса, Отырар кітапханасы 1000-1200 жыл шамасындай уақыт дүние жүзіндегі ең үлкен кітапхана болған!», - дейді. Міне, көне Отырар қаласы осындай құнды ескерткіштерімен үнемі ел назарында жүре берері сөзсіз

saididag saididag    1   06.05.2020 09:47    7

Ответы
Viktoria070804 Viktoria070804  14.10.2020 08:07

ответ:көтерілген мәселе:отырар кітапханасына шабуыл жасап,кейбір кітаптардың жоғалуы.Оның жартысын әр түрлі жерге тығып қойып,қаза болған

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi