1-тапсырма. Мәтінді зерделеп оқыңдар. Қазақ заңының ерекшеліктерін тауып, дәптерлеріңе жазыңдар.
Әр елдің, халықтың өзіне лайық заңы бар. Мұндай заң біздің
халқымызда да ертеден қалыптасқан. Ол кезінде қағазға түспесе де,
білікті, зерделі, беделді адамдардың, ақсақалдардың аузынан көпке
тарап, ғасырлар көшіне ілесіп, жалғасып отырған. Бұл ережелер,
қағидалар далалық ұлттардың әдет-ғұрпына, тұрмысына лайық
жасалып, қылмыс, дау, әділет істері осы заң негізінде шешімін
тапқан. Қазақ заңының тағы бір ерекшелігі сол, тек әділдік пен
дін жолын ұстанумен бірге сөз өнерін: шешендік, тапқырлык,
айтқыштық өнерді де жоғары бағалаған. Соған лайық әділ билердің
өзін де, сөзін де мақұлдап, қадір тұтып, олардың есімін аузынан
тастамаған. Қара қылды қақ жарған Мөңке, Едіге, Төле, Қазыбек,
Әйтеке, Жанқұтты, Байдалы, Досбол, Сырым сынды билерді
халық төбесіне көтеріп, ханмен қатар қадірлеп, құрмет тұтқан.
Осы кісілердің дуалы аузынан әділ заңға арналған «Ұсынған басты
қылыш кеспейді», «Аталы сөзге арсыз тоқтамайды», «Жаңылғанға
жаза жоқ» деген көркем көсемсөздер туған.​

razor200711 razor200711    2   20.11.2020 06:08    52

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi