1-тапсырма Мәтінді тыңдап,төмендегі тапсырманы орындаңыз. (Прослушайте текст и выполните задание)
Қазіргі азуы алты қарыс мемлекеттерде энергия тапшылығы байқалуда. Көмір, мұнай, табиғи газ сияқты энергия көздерінің сарқылуы немесе қорының азаюы, қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері күн санап артуда.
Бүкіл әлем энергия тапшылығынан құтылу үшін альтернативті энергия көздеріне қол жеткізе бастады. Бүгінгі таңда әлемнің ғалымдары энергияның жаңа көзін іздестіруде жыл өткен сайын айдар тағып келеді. Сарқылмайтын дүние жоқ. Уранда сарқылатын отынға жатады.
Атом энергетикасының келешегіне қауіп төнгендіктен, көптеген елдер баламалы қуат көздерін пайдалануды ақыл таразысына салды. Әрине, көгілдір отын және көмірмен жұмыс істейтін станцияларда өндірілетін қуат арзан, бірақ олардың қоры шектеулі. Сондықтан күн батареялары мен жел станцияларының қымбат болуына қарамастан, энергия өндіру бағытында жаңғыртылатын қуат көздерін құру бүгінде және болашақ үшін өте маңызды.
Елімізде күн сәулесі болашақтың сарқылмас энергиясы бола алады. Мысалы, күн энергиясын пайдалануға толық мүмкіндігіміз бар. Оңтүстік облыстарда бір жылдық ішінде 180-205 рет күн ашық болып, орташа температура 37◦С құрайды. Бұл біз үшін, ең тұрақты, ең арзан, таусылмайтын энергия көзі күн сәулесінің энергиясы болмақ.
Күн үлкен энергия қорына ие, жылына жер бетіне түсетін күн энергиясы 7,5*1017кВт/сағ. Күн энергиясының маңызды артықшылықтарының бірі - қоршаған ортаға қауіпсіздігі және арнайы жеткізу құралдарының қажет еместігі болып табылады.
(Ғаламтор желісінен)
1 Мәтінге тақырып қой (озаглавь текст)
2 Мәтіндегі негізгі ойды анықта (определи основную мысль в тексте)
3 Мәтіндегі тірек сөздерді жаз. (выпиши опорные слова из текста)
4 Мәтндегі сан есімдерді болжалдық сан есімге айналдырып жаз. (Запиши числительные в тексте, превратив их в приблизительные числительные)