1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар (8-аудио). Жол сөзімен тіркескен сөздерді дәптерлеріңе жазып алыңдар.
Үлкен адамдардың әңгімесіне ден қойып, құлақ түрсеңіз, «жолын
кеспе», «амандық болса», «жол апатынан сақтасын» деген тіркес-
терді жиі естиміз. Жол сөзінің мағыналық ауқымы біздің күнделікті
тұрмыста қолданып жүрген ұғымнан әлдеқайда кең. «Атаның ак
жолы», «Есім салған ескі жол», «Қасым салған қасқа жол», «Жолы
үлкен», «Қыздың жолы жіңішке», «Жолың болсын!», «Жолдасың
Қыдыр болсын!» деген сөздер ерте заманда қалыптасқан. Адамзат
тарихындағы ең алғашқы тас кітаптардың авторы Иоллығ тегіннің
есімінің өзі «жолы үлкен» дегенді білдіреді.