1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, тапсырмаларды орындаңыз. Төмендегі ермек істер (хобби) мен олардың пайдалы жақтарын сызба арқылы сәйкестендіріңіз. Бос уақытта қандай іспен айналысса болады? Көпшілік бос уақытын қалай өткізуді білмей, кейде «Менің мүлдем бос уақытым жоқ» дейді. «Немен айналысуға болады?» деген сұраққа психологтер: «Өзіңізге ұнайтын ермек іс (хобби) тауып алыңыз», - дегі кеңес береді. Олар тек уақытты пайдалы өткізуге ғана емес, денсаулыққа да оң әсерін тигізеді. Олай болса, бос уақытта қандай іспен айналысса болады? Қолөнер. Көңілсіздіктен арылтатын іс- тоқыма тоқу. Тоқыма тоқыған кезде өзіңізді жайлы әрі жеңіл сезінесіз. Сондай- ақ, кесте тігу, сурет салу, экибана жасау, бисер тоқу, т.с.с, қолөнермен айналысуға болады. Гүл өсіру. Жер үйде тұратын көп адамдар бос уақытын бау-бақшада өткізеді. Ал көп қабатты үйде балконда шағын бау- бақша жасауға болады. Кішкентай гүл ыдыстарына қалаған үй өсімдіктерін егіп, оны күтіп-баптауға кірісіңіз. Коллекция жинау. Өзіңізге қызықты дүниелерді жинастырыңыз. Олар: әдеби кітаптар, күйтабақтар, базарлықтар, пошта маркалары, ыдыс-аяқтар, жұмсақ ойыншықтар, т.б. Үй жануарын асыраңыз. Олар: аквариумдағы балықтар, мысықтар, кішкентай иттер, тасбақа т.б. Үй жануарыңызға күтім көрсетіңіз. Блог жүргізіңіз. Ғаламтор беттеріндегі ақпараттық-танымдық порталдарға тіркеліп, блог жүргізіңіз. Өзіңіздің басыңыздан өткен қызықты оқиғаларды, ойларыңызды жазып, өзгелердің пікірін оқыңыз. Әртүрлі форумдарда өзгелермен өз ойыңызбен бөлісіңіз. Спортпен шұғылданыңыз. Фитнесс-клубтары мен спорт залдарына барып, би, жүзу, йога, аэробикаға жазылыңыз. Достарыңызбен жиылып, спорт алаңына барып, бадминтон, волейбол, баскетбол ойнаңыз. Шеңбер айналдырып,жаттығулар жасаңыз. Тоқыма тоқу Спортпен айналысу Таза ауамен демаласың Көңіл күй көтеріледі Қызықты деректер жинайсың Блог жүргізу Гүл өсіру Денің сау болады