1-тапсырма: Мәтінді түсініп оқып, мәтінге сай ат қойыңыз.

Қалың орманды бір түлкі аралап келе жатты. Ол биік ағаштың басында отырған ірі қырғауылды көрді де, жақындап келіп:
– Сәлеметсіз бе, қырғауыл!Қалай тұрасың, достым? - деді.
– Жақсы,сөзіңе рақмет!Өзіңіз қалай тұрасыз? - деді қырғауыл.
– Жерге түсіп сөйлессең екен, шырағым, кәрімін, бір құлағым жөнді естімейді, - дейді түлкі.
– Жерге түспеймін, жерге түсуге қорқамын, жерде әртүрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, - деді қырғауыл.
– Ей, достым, биылғы заман бұрынғы емес!Бүгін қалаға барып келіп едім, «біреуге біреу зорлық қылмасын» деген бұйрық шығыпты. Бұйрықта қой мен қасқыр, түлкі мен тауық, ит пен мысық бірге жүрсін, көгершін мен қаршыға бір ұяға жұмыртқаласын делінген. Қорықпа, түс, - дейді түлкі.
– Жақсы хабарыңыз бар екен, досым!Ана жақта бір топ иттер келе жатыр, оларға да айтыңыз, олар да бұйрықты естісін, - деді қырғауыл.
Ит деген сөзді естіген түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнелді.
– Қайда барасыз, бұйрықты ұмытып кеттіңіз бе? - деді қырғауыл.
– Кім біледі, бұйрықты иттер естімеген шығар, - деген түлкінің даусы алыстан естілді.

Skotonyaka Skotonyaka    1   07.12.2020 11:32    6

Ответы
moiseenkova041 moiseenkova041  06.01.2021 11:34

Түлкі мен Қырғауыл

Объяснение:

мәтіннің аты түлкі мен қырғауыл

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi