1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар. Мәтінге ат қойыңыздар. Қазіргі ақпарат құралдарында, теледидар арналарында Қазақстандағы халықтар достығына байланысты әңгіме, сұхбаттар, көрсетілімдер жиі беріледі.
Қазақ халқы ежелден ұлтына қарамастан, жалпы адамзатты жанына жақын тартатын бауырмал халық емес пе?! Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, оларды туған-туыстарындай жақсы көрді. Ұлы Абайдың «адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» дейтін өсиеті соның бір дәлелі. Бойында бауырмалдық, қонақжайлылық пен кеңпейілділік бар ұлт қана ынтымағы жарасқан елге айналады. Қазақстанда барлық ұлттар ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, бір шаңырақ аясында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Кеңес үкіметі тұсында да ұлтаралық достықты бастыұстаным еткен кеңпейіл халқымыз әлі күнге дейін сол қалпынан айнымаған.
Әр қазақстандық «Қазақстан – жүз ұлттың Отаны» деген қағиданы ұстанып келеді. Қазақстанда тұратын түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бейбітшілік бесігіне айналған елімізді мақтан етеді.2-тапсырма. Мәтінді кесте үлгісіне сай талдаңыздар.
Тақырыбы
Мақсатты аудиториясы
Құрылымы
Тілдік ерекшелігі
Стилі
тауып бериндерщ берем​

dghfgjuf dghfgjuf    2   10.02.2021 12:10    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi