1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер. Мұнай (парсы тілінен аударғанда «жанатын» деген мағынаны білдіреді) —
жанғыш, майлы, өзіне тән иісі бар, сұйық зат.
Жер астынан өндірілген мұнай сол қалпында қолданылмайды. Алдымен оны
тазартып, өңдейді. Өнімді бірнеше бөліктерге айырып алады. Мұнайдан алы-
натын ең сапалы өнім — жанармай. Мұнайдан жанар-жағармай, сұйытылған
газ, реактивті отын, мазут, солярка, керосин алынады.
Сондай-ақ мұнайдан кремдер мен түрлі жақпамайлардың негізі жасалады.
Мұнайдың қо синтетикалық резеңке, көксағыз (каучук), синтетикалық
мен пластмасса, кіржуғыш ұнтақ, бояу, косметика, тыңайтқыш,
типографиялық бояу, автокөлік доңғалақтары сияқты күнделікті тұрмысқа аса
қажет өнімдер жасалады. Осы кезеңде мұнай құрамынан жүзден аса керекті
зат алынып отыр.
1. «Мұнай» деген — не?
2. Мұнайды қалай қолданады?
3. Ең сапалы мұнай өнімі — не?
4. Мұнайдан қандай күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар дайындала-
ды?

MatveiKnyaz2005 MatveiKnyaz2005    2   20.10.2020 09:26    11

Ответы
andrey451 andrey451  19.11.2020 09:27

1)"Мұнай"-жанғыш, майлы, өзіне тән иісі бар, сұйық зат.

2)Алдымен оны тазартып, өңдейді. Өнімді бірнеше бөліктерге айырып алады.

3)Ең сапалы мұнай өнімі - жанармай.

4) Мұнайдың қо синтетикалық резеңке, көксағыз (каучук), синтетикалық мата мен пластмасса, кіржуғыш ұнтақ, бояу, косметика, тыңайтқыш, типографиялық бояу, автокөлік доңғалақтары сияқты күнделікті тұрмысқа аса қажет өнімдер жасалады

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi