1-тапсырма.Мәтінді түсініп оқыңдар
Ою-өрнек латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Мағынасы – сәндеу, әсемдеу
деген сөз. Оның әрбір элементінде терең мағына, үлкен мән бар. Қазақ халқы ою-өрнек
үлгілеріне өте бай.
«Қошқармүйіз» өрнегі қошқардың иіріліп біткен қос мүйізіне ұқсайды. Бұл ою халықтың
арман-тілегін білдіреді. «Қошқармүйіз» оюы текемет, сырмақтың ортасына, кебеже,
сандықтың беттеріне салынады. «Қосмүйіз» оюы өмірде жұбы жазылмасын дегенді
ұқтырады. Ал «сұңқармүйіз» оюы қонақжайлылықты білдіреді.
2-тапсырма.Мәтінді кластер түрінде беріңдер:
Ою-өрнек