1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Махамбет неліктен жалғыздыкка ұшырады? Жұбыңа әңгімелеп бер. Исатайы келмеске кеткесін-ақ тағдыры ауытқуға ұшырағанын Махамбет пайымдайды. Хан-сұлтанның қарулы әскеріне қарсы соғыста Исатай оққа ұшып, Махамбеттің жалғыздық зарын шеккеніне - сегіз жыл да үш ай. Ұзақ уақыттың ішінде жасаған сансыз жорығы, шабуылы, қырғыны ойына оралды. Қапы қалған, қапия кеткен жері көп екен. Қарулы қолға төтеп бере алмау шарасыздық болса, хан баласынан ұқсатып кек ала білмеу - өкініш. Өзек өртейтін, бармак шайнататын өкініш. T, Әлімқулов. «Қараой» әңгімесінен