1-тапсырма. Мәтінді оқып, тапсырманы орында. Әмзе жұмысқа қырсыз, құдықтан су тартуды
да білмейтін жастайынан ерке өскен,
айтқанынан
қайтпайтын бала. Соған қарамастан ол: «Ендеше, өзім
іздеймін», деп бақыт құсын іздеуге шыққан болатын.
Мәтінде ол бақыт құсын іздеймін деп уақытын босқа
өткізіп, кешігіп қалады. Ал сенің қолында уақытты
қайтаратын сиқырлы сағат бар деп елестет. Жолға
шыққалы жатқан Әмзеге 60-70 сөз көлемінде хат жол-
дап, ақылыңды айт. Мүмкін, сенің хатыңды оқығаннан
кейін ойланып қалар.