1-тапсырма. Мәтінді оқып, тақырып қой. Мәтінді жалғастыр. Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріне «Күлтегін» және «Тоныкөк»
жырлары жатады. Бұл жыр түркілердің ерлігін, елдігін дәріптейтін
тұңғыш батырлар жыры болып саналады. Түркілердің өз елі, жері
үшін жүргізген соғыстарын атап көрсетеді де, сол жеңістердің оңайға
түспегені, оған Тоныкөктің ақыл-кеңесімен және ерлік істерімен үлес
қосқаны суреттеледі. Тоныкөк жырында дидактикалық сарындағы
қанатты сөздер, афоризмдер, мақал-мәтелге айналып, халықтық тілге
біржолата сіңісіп кеткен сөз тіркестері жиі кездеседі. Әсіресе Тәңір,
туркі, бек, бай деген ұғымдар тілімізде күні бүгінге дейін алғашқы
мағынасында қолданылады. Бұны көне түркі мәдениеті мен бүгінгі
қазақ мәдениеті сабақтастығының белгісі деуге болады.
( «Қазақтың тәлімдік ойлары» антологиясы)