1-тапсырма. Мәтінді оқып, төмендері тапсырмаларды орындаңыз. «Тіл тарихы » үйірмесінің жетекшісі- Зүбәйра апай - жазбаларды зерттеген ғалым. Біз үйірмеде түркі тілдері, шумер тілдері туралы қызықты мәліметтермен танысамыз. Апай : «Инновацияның басты мақсаты- жаңаны табу, белгісізді тану, жоғалтқанды іздей білу. Осы жолда сендерге ақпараттық технологиялар қызмет етеді», – дейді .
Мен жақында ғаламтордан Олжас Сүлейменовтің «Қыш кітаптың » тарихы жайында жазған сөзін тауып алдым. Ақын:« ... Мен үшін поэма жылдан жылға поэзиялық та, тарихи да мән- мағынамен толыға түсуде. Ой- ниет ассириялық хроникаларда б.з.д. VII ғасырда болған нақты оқиға туралы хабарды оқығаннан кейін басталды», – дейді .
«Ғалым болу үшін өз тіліңе деген шексіз махаббат керек екен» деген ой түйдім. Көне жазбадан бір ғана сөзді «көре алу» керек! Жаңашылдық деген – осы! Инновация- талмай іздену арқылы өткенді жаңғырту, бола шақты болжау екен! Ел Президентінің «рухани жаңғыру» деген сөзінің мәнін енді түсіндім . Рухани жаңғыру – тарих пен инновацияның алтын көпірі!
«Қыш кітап» пен «Ғажайып планетаның» арасын байланыстыра алу да – инновация! Ғылым мен білімдегі жаңашылдық! Әрбір түлек осыны түсінсін!
1.Шығармада негізгі ой не?
2. Сөйлемдердің «шындық, жалған» екенін анықтаңыз
Ақпараттар
Ш/Ж
Қасым Аманжолов: «Ой - ниет ассириялық хроникаларда б.з.д. VII ғасырда болған нақты оқиға туралы хабарды оқығаннан кейін басталды»,– дейді .
Жаңаны табу , белгісізді тану , жоғалтқанды іздей білу жолында ақпараттық технологиялар қызмет етеді.
3. Төмендегі сөздің мағынасын түсіндіріп жазыңыз.
Рухани жаңғыру