1 тапсырма мәтінді оқып төмендегі сұрақтарға жауап бер көтерілген мәселеге пікіріңізді беріңіз Бәйтерек-аңыз ағашы Бәйтеректің негізгі идеясы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ой-
қиялынан туды. Президент осы алып ескерткіштің эскиз-нобайын
бір түннің ішінде өзі ойлап шығарды. Оның айтуынша, монументтің
негізгі идеясы бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық
қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.
Мифологияға зер салсақ, бәйтерек туралы аңыз әңгімелер өте
көп. Аңыз бойынша мифологиялық Бәйтерек немесе Жолтерек
(жолдарақ) о дүние мен бұл дүние арасын жалғаушы жол ретінде саналады. Алып теректің
ерекше қасиеті сол оны айнала ән салып, тілеген адамдардың тілегі қабыл болып
жақсылыққа жол ашылған екен.
Бәйтерек — үш әлемді байланыстырушы дәнекер ретінде әспеттелінеді. Орта дүниені
— адам, жоғарғы дүниені — қарақұс, төменгі дүниені — жылан-айдаһар көрсетеді.
Қазақ ертегілерінде кейіпкер жерасты әлеміне тап болады және ұзаққа созылған сапар
кезінде үлкен ағашқа жолығады, ол жерде ағашқа өрмелеп бара жатқан жыланды өлтіріп,
Самұрықтың балапандарын айдаһардан құтқарып қалады. Осы ерлігі үшін Алып Қарақұс
кейіпкерді жер бетіне алып шығады.
https://infourok.ru/byterek__ayz_aashy-140267.htm
А тапсырмасы
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Неліктен аңыздағы Бәйтерек шынайы өмірден орын алды?
2.Не үшін Бәйтеректі үш әлемді байланыстырушы дәнекер ретінде
санаймыз?
Ә тапсырмасы Өз пікіріңізді білдіріңіз. 1.Мәтіндегі көтерілген басты мәселе қай абзацта көрінеді? 2.Өз ойыңызды талқылай отырып дәлелдеңіз... 2-тапсырма. «Менің арманымдағы Бас қала...» тақырыбына эссе (болжау) жазыңыз. Эссе барысында зат есімнің мағыналық түрлерін жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданыңыз. (50-60 сөз)