1-тапсырма: Мәтінді оқып, ұсынылған деректер бойынша кестені толтыр. Арал теңізі - Қазакстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км2, тсреңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.

1960 жылдардаи бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мсн Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген кажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралғында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті.Бұл жағдайлар а ң қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.

Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек.Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға ұррпақтың болашақ алдындағы борышы.

Қазіргі Арал тағдыры Болашақтағы Арал тағдыры

берем те көмек керек​


1-тапсырма: Мәтінді оқып, ұсынылған деректер бойынша кестені толтыр. Арал теңізі - Қазакстанның інжу

FresAM07 FresAM07    1   05.03.2021 13:45    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi