1-тапсырма. Мәтінді оқып, стилін, түрі мен құрылымын ажыратыңыз. Қазақ театр өнерінің дамуы
Театр – өнер шаңырағы. Қазақстан аумағында алғашқы театрлар XIX ғасырдың екінші жартысында құрыла бастады. 1910-1915 жылдары қазақ өмірінен алынған қысқа драмалық суреттеулер мен сценарийлер жазылды. 1917 жылы М.Әуезов «Еңлік-Кебек» трагедиясының бірінші нұсқасын жазып, кейіннен осы шығарманы бірнеше рет өңдеді. Театрлық процестің жедел дамуы қазан революциясынан кейін ерекше күш алды. 1918-1924 жылдар аралығында Ақмола, Тараз, Көкшетау, Оренбург, Ташкент, Түркістан, Шымкент, Қостанай, Петропавл қалаларында жаңа топтар құрылды. Ж.Аймауытовтың, М.Әуезовтің, М.Дулатовтың, Е.Ерденовтің, К.Кемеңгеровтің, Б.Майлиннің, С.Сейфуллиннің пьесаларын сахнаға шығарды.
Қазақтың кәсіби театры 1926 жылдың 13 қаңтарында Қызылорда қаласындағы Қазақ мемлекеттік драма театрында М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» қойылымы көрсетілуімен ресми түрде ашылды. Оның директоры және көркемдік жетекшісі Ж.Шанин, әйгілі әртістері мен әншілері Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов, Қ.Бадыров, И.Байзақов, Қ.Жандарбеков, Ә.Қашаубаев, Қ.Мұңайтпасов, Ғ.Абдуллин қазақ театры өнерінің қалаушылары болып тарихта қалды.
1928 жылы Қызылорда қаласынан жаңа астана – Алматыға қоныс аударды. Театрдың шығармашылық құрамында К.Байсейітова, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ш.Жиенқұлова, У.Тұрдықұлова сияқты өнер майталмандары өнер көрсетсе, ал 30-жылдардың ортасында Қ.Қармысов, С.Телғараев, Ә.Үмбетбаев, Р.Қойшыбаевалар қосылды. 1937 жылы театрға «академиялық» атағы берілді.
60-90-жылдар қазақ театр тарихындағы шығармашылық ізденістердің жарық кезеңі болып саналады. М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры сахнасында қойылған спектакльдер театрдың алтын қорына енді. Олардың ішінде Катерина ролінде Х.Бөкеева ойнаған А.Островскийдің «Грозасы», Гарпагон рөлінде Қ.Қармысов ойнаған Ж.Б.Мольердің «Сараңы», Катарина мен Петруччио рөлдерінде Х.Бөкеева мен Ш.Айманов ойнаған В.Шекспирдің «Асауға тұсауы», Толғанай рөлінде С.Майқанова ойнаған Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-Анасы», Мольердің ролінде Н.Жантөрин ойнаған М. Булгаковтың «Кабала святошы», басты рөлдерде А. Әшімов, Ф.Шәріпова және Ы.Ноғайбаев ойнаған Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тері» (1973 ж., реж. Ә.Мәмбетов) ерекше орын алады.
Қазақстанның тәуелсіздік алған кезеңінен елордада 1 опера және балет театры, 8 драма және музыкалық драма театры және 2 қуыршақ театры ашылды.
(http://testent.ru/publ/studenty/kazak_tili_sabagi/aza_teatr_nerini_damuy)

2-тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1. Мәтінге лайықты тақырып
A) Алғашқы қазақ театры
B) Алматыда ашылған театр
C) Алғашқы өнер саңлақтары
D) Қазақтың тұңғыш режиссёрі
E) Қазақ театрының алғашқы әртістері
2. Қабаттасып қойылатын тыныс белгілері қай азатжолға тән
A) 1
B) 2
C) 3
D) 4
E) 5
3. 1928 жылы Қызылорда қаласынан жаңа астана – Алматыға қоныс аударды. Сөйлемге сәйкес қатар
A) хабарлы; жақты, жайылма, толымды сөйлем
B) хабарлы; жақсыз, жайылма, толымды сөйлем
C) хабарлы; жақты, жайылма, толымсыз сөйлем
D) хабарлы; жақсыз, жалаң, толымды сөйлем
E) хабарлы; жақсыз, жалаң, толымсыз сөйлем
4. 1937 жылы театрға «академиялық» атағы берілді. Жай сөйлемнің түрі
A) жақты, жайылма, толымды
B) жақсыз, жайылма, толымды
C) жақты, жайылма, толымсыз
D) жақты, жалаң, толымды
E) жақты, жалаң, толымсыз
5. Театр – өнердің қара шаңырағы. Жай сөйлемнің түрі
A) жалаң
B) жақсыз
C) толымсыз
D) атаулы
E) жақты
6. М.Әуезов атындағы Қазақ драма театры сахнасында қойылған спектакльдер театрдың алтын қорына енді. Асты сызылған сөз
A) тура толықтауыш
B) жанама толықтауыш
C) дара пысықтауыш
D) дара бастауыш
E) дара баяндауыш
7. Ж.Аймауытовтың, М.Әуезовтің, М.Дулатовтың, Е.Ерденовтің, К.Кемеңгеровтің, Б.Майлиннің, С.Сейфуллиннің пьесаларын сахнаға шығарды. Үтірдің қойылу себебі
A) бірыңғай бастауыш
B) бірыңғай толықтауыш
C) бірыңғай пысықтауыш
D) бірыңғай баяндауыш
E) бірыңғай анықтауыш

dilyaramazhitova dilyaramazhitova    3   17.05.2021 13:10    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi