1-Тапсырма Мәтінді оқып шығып, негізгі ойды білдіретін кем дегенде 5 тірек сөзді анықтап жазыңыз. Қиял құдіреті
Қиял дегеніміз – өте ғажайып дүние. Алланың адамға беретін негізгі байлығының бірі осы қиялдай білу қасиеті. Ғалымдардың пікірінше, қиялдай білу қасиеті басқа жан-жануарларға дарытылмаған.
Қазіргі біз бастан кешіріп отырған заман – адамзаттың қиялы мен бүгінгі өмір шындығы әбден астасқан заман. Кезінде ұшқыш кілемді арман еткен а қазір дыбыс жылдамдығымен бірдей жүйтки алатын ұшақтарға мініп алып, Жердің бір шетінен екінші шетіне санаулы сағаттарда жете алатындай мүмкіндікке ие болды.
Адамның қиял әлемі соншалықты кең болса, оның ойы да қыран құстай неғұрлым алыстарға самғап ұша алады. Демек бүгінгідей бәсекелестік өріс алып отырған заманда, жаңа туған жас нәрестенің бойына қиялдай білу қасиетін молынан дарытуға ұмтылу – әрбір ата-ананың парызы. Оның ең басты шарттарының бірі – оған ертегі айту деп түсінеміз. Әрине сәби қиялын дамытуда қазіргі мультфильмдердің де маңызы зор екендігі анық. Бірақ бұл дайын өнім. Кейіпкерлерінің түр-келбетін, барлық заттарды бейнелі түрде көз алдыңа алып келеді. Сондықтан оның балаларды қызықтырушылық рөлі зор. Бірақ бәрібір ертегіге жетпейді. Себебі ертегі тыңдаған сәбилер ондағы кейіпкерлердің бейнелі образдарын қиялдау арқылы өздері сомдауға мәжбүр болады. Демек сәби үшін мультфильмге қарағанда ертегінің пайдасы молырақ. Бұл сәби қиялын кеңейтумен қатар ойлануға, ми жасушаларының барынша жұмыс істеуіне әсер етеді. Басқалай айтқанда, дүниедегі ең кереметтің бәрі қиял туындысы болып табылады.

sevara17 sevara17    3   17.03.2021 09:52    1

Ответы
KaralinaMerser KaralinaMerser  16.04.2021 09:52

қиял деген өте ғажайып дүние. сен көп арман армандайсың оның барлығы қиялға кіреді. сен түнде ұйықтағанда сол қиял сенің түсіне кіреді ол қиял қорқынышты емес пе қорқынышты көресін бе онын барлығы түске кіреді қиял деген осы.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi