1-ТАПСЫРМА • Мәтінді оқып шығып, көтерілген басты мәселені анықта. Өз көзқарасыңды жан- жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелде.

• Өз жұбыңды мұқият тыңдауға тырыс. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қой. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңді білдір.

Аспан түсінің көк болу себебі

Аспанның түсі неліктен көк? Аспан бізді қоршап тұратын ауадан тұрады. Бірақ басты шалқайтып, көкке көз тіксек, жүзін бұлт торламаған, ашық аспанның түсі көк екенін көреміз. Күнделікті жұтатын ауамыз көзге көрінбейтін, түссіз болғанымен аспанымыздың түсі көк. Оның сыры неде?

Аспан барлық жерде де көкшіл түсті. Солтүстікте бозғылт, оңтүстікте қою көк, бізде ашық көк түс. Аспанның алуан түрлі ғажайып түсі қалай пайда болады?

Аспан ауаға түскен күн сәулесі әсерінен сан түрлі түске енеді екен. Күн Жерге шуақ шашады, ол Жер қабатын қоршап тұратын қалың ауа қабатына түседі екен.

Ал күннің шапағы қызыл, сары, жасыл, көк, қою көк секілді түрлі түсті болады. Осындай алуан түсті сәуле қалың әуе қабаты арқылы таралғанда ауа сәулені ыдыратып, шашыратады. Бірақ көк түс барлығынан көбірек бөлінеді. Себебі, ауа қысқа толқынды сәулелерді жақсырақ шашыратады. Ал көзге көрінетін сәулелердің ішіндегі толқыны ең қысқасы – көк түс.

Міне, аспан түсінің бар құпиясы осында жатыр.

Як12 Як12    1   17.05.2021 15:55    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi