1-тапсырма.Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Қазақ даласының батыры
Әр халықтың маңдайына біткен жарық жұлдызындай ерлері бар.Олар-ел мақтанышына айналған көрнекті қайраткерлер,ғұлама ғалымдар,заңғар ақын-жазушылар,еңбек майталмандары,өнер мен спорт саңлақтары.Сондай мақтан ететін тұлғаларымыздың бірі-халқымыздың ұлы перзенті Қажымұқан балуан.
Қажымұқан -дүниежүзілік спорт аренасына шығып,шетелдердегі жарыстарда атақ-даңққа ие болған тұңғыш қазақ.Ол Парижде,Лондонда,Варшавада,Берлинде,Будапеште,әлемнің басқа да көптеген қалаларында күресті.Америкада болды.Таяу және Орта Шығыс елдерін аралады.
Спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін Қазақ үкіметі оған "Қазақ даласының батыры "
атағын берді.
Ұлтжанды батыр ел басына күн туған Ұлы Отан соғысының отты жылдарында белін буып,ел аралап өнер көрсетіп,одан жинаған қаршыға ұшақ жасатып,майданға жіберді.Сөйтіп ,ұлы жеңіске өз үлесін қосты.
Қажымұқан - ұлттық тарихымызда ғана емес,әлемдік спорт тарихында сирек ұшырасатын,тумысы бөлек ғажап құбылыс.Ол туралы Қалмақан Әбдіқадыров
"Қажымұқан " атты хикаят жазды."Қазақфильм" киностудиясы "Қажымұқан" атты деректі фильм ,көркем фильм түсірді.
Сұрақтар:
1.Қазақ даласының батыры кім?
2.Қажымұқан қай қаларда күреске шықты?
3.Спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін қандай атақ берілді?
4.Қажымұқан Ұлы Отан соғысына қандай өз үлесін қосты?
5."Қажымұқан" туралы хикаятты кім жазды?
бжб​

nadezhstepan20 nadezhstepan20    3   03.03.2021 11:18    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi