1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер. Мен Жоңғарияда бірінші рет 1856 жылы болдым. Алғашқы Ыстықкөл экспедициясына
қатыстым. Сонан соң аз дегенде Құлжада үш ай тұрдым. Жоңғарияда барлығы бес ай болдым.
Алакөлден Тянь-Шаньға дейін емін-еркін аралап шықтым.
Тозығы жеткен қайықпен керуен Іле өзенінен екі күн дегенде әрең өтіп болды. 17 күн дегенде
Қарқара алабына әрең жеттік. Кеген мен Қарқараның жағасында бірен-саран жан қалған.
Жым-жырт далада біздің бірлі-жарым шатырымыз ғана тұр. Керуенбасы мен қарттарымыз біраздан
кейін қырғыздарға баруды ұйғарды.
Үшінші күн дегенде керуенге отырықшы қырғыз руларының басшылары келді. Бізді өздерінің
ауыл-ауылдарына таратып әкетті. Ауылға келгеннен кейін біз сәлем беруге ауыл ақсақалының үйіне
бардық. Үй иесі құрметтеп күтіп алып, оюлы қара киізге отырғызды. Шырағдан жақты. Қырғыз
әйелдері бірнеше ағаш тостағандарға құйылған қымыз әкелді Менің жолдасым да оларға кептірген
жеміс, пүліш, барқыт, моншақтар берді. Кейде олар досыма шағын ойын-сауық кешін
ұйымдастыратын. Олардың әнін естіген кезде жолдасым балаша шаттанып, қуанатын. Осылайша,
қырғыздар арасында бір ай тұрдық.
(145 сөз)
1. Мәтінге ат қойыңыз. (Озоглавьте текст)
[ 1 ]
2. Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз? (Найдите вопрос ответ которого есть в тексте)
А) Шоқан өз саяхатында қандай танымдық ақпарат жинады?
В) Жоңғарияны неше алапқа бөлуге болады?
С) Үй иесі жолаушыларды қалай күтіп алды?
Д) Шоқаннның саяхатын неше кезеңге бөлуге болады? [ 1 ]

3. Мәтінге қай ақпарат сәйкес келмейді. (Какая информация не соответствует тексту)
А) Үй иесі қонақтарды киізге отырғызып шырағдан жақты.
В) Керуеншілер бірінші ауыл ақсақалдарына сәлем берді.
С) Кеген мен Қарқараның жағасында бірлі-жарым адам қалған.
Д) Қонақтарға темір тостағандарға құйылған қымыз әкелді. [ 1 ]
4. Сұраққа толық жауап жаз. Мәтін үзіндісі нешінші жақтан баяндалады?
(Напишите полный ответ. От какого лица излогается текст?)

lizadaf2003 lizadaf2003    2   17.05.2021 11:07    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi