1-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ойды анықта. «Компьютер» сөзінің анықтамасы алғаш рет 1897 жылы «Оксфорд» сөздігінде пайда болды. Бұл
сөздікте компьютер механикалық есептеуіш құрылғы ретінде көрсетілген. «Компьютер» сөзі ағылшын
тілінің «to compure» «computer» сөздерінен шыққан. Бұл сөз «есептеуіш», «есептегіш» дегенді
білдіреді.

XIX ғасырда Чарлз Бэббидж адамсыз есептеулер автоматын жасап шықты. Ол – қазіргі компьютердің
атасы. Ал бірінші электронды есептеуіш мәшине 1946 жылы жасалды. Оның салмағы бірнеше тонна
болды, ол бірнеше бөлмені алып тұратын. Алғашқы компьютерлер есептеу үшін; мәлімет қоры үшін
қолданылды.

Дербес компьютерлер 1990 жылы пайда болды. Сол кезде «Apple Corporation» фирманың
«Macintosh» маркалы компьютері жасалды.

Қазір өмірімізді компьютерсіз елестете алмаймыз. Ол көшеде де, кеңседе де, мектепте де, үйге де
негізгі ақпараттық құрал ретінде пайдаланылады. Үйде кез келген жұмыс ақпарат құралдарының
көмегімен орындалатын болды.

Мысалы: сабаққа дайындалу, қажетті ақпараттарды іздеу; фильм қарау; кинотеатрға, пойызға, ұшаққа
билет алу; коммуналдық қызмет ақысын төлеу және т.б. компьютердің көмегімен жүзеге асырылады.
Компьютермен ақпаратты сақтауға, тасымалдауға болады. Осының бәрі компьютердің қажеттілігін
арттыра түсүде.

tsukhanova65 tsukhanova65    3   02.03.2021 06:52    3

Ответы
Viktoriya20030401 Viktoriya20030401  01.04.2021 06:53

компьютер

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi