1-тапсырма. Мәтінді оқып, «Медеу» мұз айдынымен таныс Медеу - Іле Алатауы баурайында теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан ірі спорттық кешен. Медеукешенінің құрылысы 1949 жылдың күз айында басталған, алғашқы ресми ойындар 1951 жылдың 4 ақпанында өтті. Стадионға жасанды мұз тек 1972 жылы ғана төселді. Медеу - қысқы спорттық ойындарға арналған мұз айдыны, жасанды мұз алаңының аумағы 10,5 мың ш.м., айдындағы мұз жабындысының қалыңдығы 2,3 метрді құрайды. Тау бөктеріндегі жайлы климат, күн радиациясының қолайлы деңгейі, төмен ауа қысымы және таза тау суы мұздың жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді. Бұл жерде 120 аса әлемдік рекордтар жасалды. YII Қысқы Азия ойындарын өткізу қарсаңында мұз айдыны қайта жөндеуден өтті. Спорттық ойындардыңнәтижелерінкөрсетуге, телевизиялықбағдарламаларды, тақырыптық және жарнамалық роликтерді трансляциялауға мүмкіндік беретін, алаңы 200 м2 жаңа мультимедиялық тақта орнатылды. Қайта жөндеуден кейін мінбелердегі отырғыштардыңсаны артып, 7200-ден 8500-ге жетті. Жаңадан орнатылған қазіргі заманғы тоңазытқыш құрылғылары мұзды 1 қазаннан 1 сәуірге дейінұстап тұрады. Бір мезгілде мұз айдынына 2 мыңнан 3 мыңға дейін адам сыйады. Демалыс күндері конькимен сырғанау көптеген жылдар бойы тек тұрғындар емес, қала қонақтары
үшін де жақсы дәстүрге айналған.
2-тапсырма. Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастыр. (составь 3 вопроса по тексту)
1. Медеу мұз айдыны қайда орналасқан?
2. Стадионға табиғи мұз қойылды ма əде жасанды мұз ба?
3. Стадионда алғашқы ойындар қашаншы жылы ойнатылды?