Әлия компьютерді өте жақсы көреді. Кішкентай кезінен компьютер сатып алуды армандайтын. Компьютер клубына барып, компьютерде әртүрлі ойындарды ойнауды үйренді. Кейіннен мектепке барып, компьютерді басқа мақсатпен қолдануды үйреніпті. Ол интернеттен ақпарат іздеп, баяндама жазатын немесе ағылшын тіліндегі мәтіндерді аударып, аудармасын компьютерге басатын.
Былтыр Әлия мектепті бітіріп, институтқа түсті. Ол болашақта ақпараттық технологиялар саласының маманы болмақшы. Ата-анасы сыйлыққа компьютер әперді. Әлия қуанғаны соншалық – қолма-қол компьютерді қосып, интернетпен байланыс жасай бастады. Бір кезде жазған хаттарына жауап алатын болды.
Енді Әлия компьютерден басқа байланыс жасай алмайды, өйткені ол дос-құрбыларымен кездеспейді, қонаққа бармайды, қонақ шақырмайды, ешкімге телефон соқпайды, біреу телефон соқса, қысқа жауап береді де, қайта компьютерге жүгіреді. Қазір де, міне, компьютердің алдында ешкімді естімей отыр.
Бұған Әлияның ата-анасы қатты алаңдайды. Әлияның бұл кәсібінен шошиын деді.