1-тапсырма Мәтінді оқып, балық қаңқасын толтырыңыз.
Үстіңгі қаңқаға – мәтіннің негізгі тірек сөздерін немесе сөз тіркестерін, басына – мәтіннің негізгі ойын, астыңғы қаңқасына – мәселені жазыңыз.
Жарық секундына 300 000 км жылдамдықпен таралады. Ол Жерге Айдан 1,3 секундта, Күннен 8 минуттан сәл астам уақытта жетеді. Бізге ең жақын жұлдызға дейінгі аралықты 4 жылда жүріп өтеді. Ол да ештеңе емес. Әлем кеңістігімен салыстырғанда қас қағымдай дерлік. Құрамына Күн жүйесі кіретін Әлемінің шағын ғана бөлігі - Галактиканың бір шетіндегі екінші шетіне жарық жұлдыз мың жылда әрең жетеді. Ал алыстағы Галактикалар бізден бірнеше миллиард жарық жылындай қашықтықта тұрады.
Адам ерте кезден-ақ ғарыш денелерін жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп білуге тырысқан. Ол әзірге жер төңірегіндегі жақын ғарышқа аяқ аттап басты. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды.
Дескриптор
Білім алушы- қаңқаның басына мәтіннің негізгі ойын анықтап жазады;
- үстіңгі қаңқаға тірек сөздер мен сөз тіркестерін мәтіннен іріктейді;
- төменгі қаңқаларға іріктелген мәселелерді орналастырады.