1- тапсырма Мәтінді оқып, бірінші сөйлемді сөз құрамына талдап жаз. Түбір, жалғау, жұрнақ

Алматы қаласы (мәтінмен жұмыс)

Алматы Қазақстанның ең ірі мегаполисі. Ғылыми, білім беру, мәдени, тарихи, экономикалық, қаржылық, банктік және елдің индустриялық орталығы болып табылады. Қаланың аты, Алматы, «алма қаласы» деп аударылады.

Алматы Іле Алатауының бөктерінде, Тянь-Шаньның солтүстік жотасының етегінде, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында, Еуразия құрлығының орталығында орналасқан. Алматы қалалық аумағында бақтар мен бақшалар, саябақтар мен бульварлар сегіз мыңнан астам гектар жерді алып жатыр. Қазіргі таңда Алматы қаласында 18 театр, 45 мұражай мен сурет галереялары бар. Мұнда музыканың түрлі салаларындағы көптеген фестивальдар өтуде: Джаз, рок фестивальдар, ретро фестивальдар. Алматыда қаланың ерекше мәртебесін көтеретін Қазақстандағы ірі банктердің бөлімшелері,көп ұлтты қаржы институттар және еншілес компаниялар орналасқан. Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы, Орталық Азия географиялық қоғамы, «Каменское плато» обсерваториясы, сондай-ақ көптеген жетекші университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары бар.

Қаланың шетінде Медеу және Шымбұлақ тау шаңғысы орталығы секілді көптеген спорт кешендері, альпинист туристік лагерлер, ши , демалыс орталықтары, және кемпингтер салынған.

Алматы «Азия ойындары 2011», бокстан әлем чемпионаты, дзюдодан әлем кубогы мен трамплиннен шаңғымен секіру, воллейболдан «Grand Prix-2013» және профессионалды веложарыс “Tour of Almaty” секілді беделді іс-шаралардың арқасында халықаралық атаққа ие. 2017 жылы Алматыда Бүкіл әлемдік Универсиадасы өтті.
мне нужен ​

RomanReigns2000 RomanReigns2000    3   12.05.2021 17:10    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi