1-тапсырма. Мәтінді оқып, бір-біріңмен диалог құрыңдар. қазақ Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) халқының азаттығын көксеген күрескер ақын, Исатай батыр бастаған көтеріліс көсемдерінің бірі. Жастайынан шешендігімен, ақындығымен көзге түскен. Махамбет Өтемісұлы патша өкіметінің отарлық саясатын жүзеге асырушы ақсүйек-сұлтандарға қарсы шықты. Өз өлеңдерінде бостандықты, әділдікті, батырлықты, елдікті жырлады. Өзін «сырлы жебеге» теңей отырып, тағылымы мол, өсиетке толы тарихи жырларын қалдырды. Алдына айқын мақсат қойып, елінің әлеуметтік жағдайын нығайтқысы келді. Кемеңгер қолбасшы, өршіл ақын ретінде тарихтан биік орын алады.