1-тапсырма. Мәтінді оқы. Зергерлік өнер — қазақ қолөнерінің бір түрі. Зергерлік өнер Ұлы дала елінің сән-салтанатын, байлығын, биік талғамын көрсетеді. Зергерлер көбінесе әйелдердің сәндік бұйымдарын жасайды. Сәндік бұйымдарға білезік, сақина, жүзік, сырға жатады. Сырға — құлаққа тағатын сәндік зергерлік бұйым. «Сырға тіл-көзден сақтайды» деген түсінік бар. Құлаққа сырға таққанда: «Құлағың ауырма- сын, жаман сөз естіме, ажарлы бол!» — деп тілек айтқан. Білезік — ертеден келе жатқан білекке тағатын сәндік бұйым. Қыз бала 3-4 жасқа келген кезде ата-анасы білезік соқтырған. Білезікті екі қолға, кейде бір қолға тағады. Кейде бір қолға екі білезік тағады. Әшекей бұйымдарды «Қыз бала сән-салтанатта өссін!» деген оймен алтын-күмістен соқтырған. Білезік бергенде: «Қолың өнерлі болсын!» — деп тілек айтқан. Сәндік бұйымдар оюмен әшекейленген. Жүзік — қыздар мен әйелдердің саусағына тағылатын зергерлік бұйым. Зергерлер жүзікті асыл тастармен безендіріп, ою-өрнекпен әшекейлеген. Зергерлік бұйымдар қазақ өнері мен мәдениетін паш етеді

СОСТАВЬТЕ 2 ВОПРОСА НА КАЗАХСКОМ ЯЗЫКЕ ПО ТЕКСТУ!​

Саша039 Саша039    3   21.04.2021 18:09    0

Ответы
мериэмс мериэмс  21.04.2021 18:10

1)Сыйға білезік берген кезде қайдай тілек айтқан?

2)Зергерлік сәнді бұйымдарды немен әшекейлеген?

3)Не себепті қыз балаға 3-4 жасында білезік соқтырған?

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi