1-тапсырма: Мәтінді оқыңыз. Төмендегі сұрақтарға толық жауап беріңіз Прочитайте текст. ответьте подробно на следующие вопросы/ Үйде бөлмені жылытатын не салқындататын жабдықтарды үнемді пайдалану керек екенің бәрі біле білмейді. Сондай-ақ Еуропаның бір елінде сынақ өткізіліп, қыс мезгілінде термостатты небәрі екі градусқа төмендетіп, жылуды азайтып көрген. Нәтижесінде, бұл тәжірибе сол жылы қуатты үнемдеудің ең үздік жолы деп табылды. Ал Канадада тұратын Дэррик болса: “Қыста пешті барынша қосудың орнына жылы киініп аламыз. Осылай отбасымыз бен қуатты үнемдейміз”, — дейді. Бұл қағидалар климаты ыстық аймақтарға да қатысты. Филиппиндік Рудольфо кондиционерді үнемді режимге қойып жүреді екен. “Неге бұлай етесіз?” деген сұраққа ол: “Осылай ақшамызды да, энергияны да үнемдейміз”, - деп жауап берді. Үйді жылытқанда не суытқанда есік-терезелерді жауып қойыңыз. Жылыған не суыған ауаның сыртқа шығып кетпеуін қадағаласақ, біраз қуатты үнемдейміз. Мысалы, суық күні есік ашық қалса, үйді жылытуға әлдеқайда көп қуат кетеді. ОЧЕНЬ