1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Мәтіннен кемінде бес тәуелденіп тұған зат есімдерді теріп жазыңыз. Космогониялық өрнек түрлері – аспан әлемін, жер–дүние сырын суреттейтін ою–өрнектер.
Космогониялық ою-өрнектің туу себептері де осы үлкен сенім күшінен туған бейнелер белгісі. Егер осы күн, ай оюлары ертеден келеді десек, оларға қосымша шұғыла, кемпірқосақ, жарты ай, толған ай секілді ою үлгілері қосылып космогониялық оюлар қатарын байыта түседі. Аталған оюлар сонымен қатар түр-түстерімен де бөлінеді.
Космогониялық оюлар қатарында «Күн нұры», «Күн көзі», «Күн сәулесі», «шыққан, батқан күн», «Айтаң», «Айгүл», «Айтаңба», «Түнгі ай», «Жұлдыз», «Аққан жұлдыз», «Үркер» секілді өрнектер топтары пайда болды.
Мысалы, «Жұлдыз» - бұл «өмір сапарында жұлдызың оңынан туып, аспан тәңірінің қолдауында бол» деген мағынада.
«Шеңбер» немесе «табақ ою» - бұл екеуі де аспандағы күннен туындаған өрнек болып көбінесе түскиіз, шапанның артқы өңір, төр көрпе, сырмақтарға түсіріледі мұның мәні «күннің мерейіне бөленген барлық тіршілік анасы болған күн ана саған қуат медет берсін» мағынасында.
Өсімдік тәріздес ою-өрнектер ұлттық өнерімізге ертеден сіңіп, кеңінен тараған өрнектің бір түрі. Өсімдік тектес ою-өрнегінің негізін гүл, жапырақ, сабақ құрайды. Гүл-жапырақ оюлары әртүрлі заттарға сәнімен қалыптасып, ұйқасын табады. Олар өзінің даму барысында әртүрлі жолдардан өтіп, қолданылатын затқа сәндік, көркемдік қасиет беріп, мазмұнын ашады. Әрбір шебер туып–өскен жерінде кездесетін өсімдіктерді қолөнер бұйымдарын безендіруге қолданған. Алайда текемет ою–өрнектерінде өсімдік тәрізді өрнектер кездеспейді. Олар тек ою арасында қосымша роль атқарады. Бұндай өрнектерді сырмақ әсемдеуге кеңінен қолданылады.
Дескриптрорлар: