1 – тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Мәтіндегі детальді ақпараттарды анықтаңыз. Олимпиадалық ойындар - тӛрт жылда бір рет ӛткізілетін ең ірі халықаралық
кешенді спорт жарыстары. Бұл жарысқа қатысу мүмкіндігі барлық елге бұйыра бермейді.
Тарих сахнасынан із қалдыру кӛптеген елдерге арман қалпында қалуда. Олимпиадаға
қатысуға соғыс , экономикалық тұрақсыздық, табиғат жағдайлары, т. б. себептер кедергі
болуы мүмкін. Алайда мұндай халықаралық шараға қатысуға арқау болатын басты
фактор – ол – мемлекеттің нақты қадамдары мен халықтың күш - жігері.
Біздің мемлекеттің халқы ӛзгеше рух пен қуатқа ие. Тарихи дамудың сатысының
саяси –экономикалық қиыншылықтарына қарамастан Қззақстан дамушы елдер қатарынан
сытылып шықты .
Бүгінде дүние жүзі елімізді жаңа кезеңге қадам басқан ӛз бірегейлілігі мен жетістігі
бар мемлекет ретінде таниды.Олимпиадалық құрам қатарынан да басымдық танытуда.
Біз әуел бастан әлеуеті жоғары, кӛшбасшылыққа бейім ел ретінде танылдық . Әлемдік
тәжірибеге кӛз жүгіртсек, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан
спортшыларының олипиадаға қатысуы танымал спортшылар мен әлем сыншыларының
назарында болғаны белгілі. Біздің алғыр спортшыларымыз халықаралық бәсекеде оза
шауып, Қазақстан атты жас мемлекеттің ең алғашқы жүлделі медальдарын сыйлады.
Олар: Бекзат Саттарханов, Бақтияр Артаев, Данияр Елеусінов, Дмитрий Баландин,
Василий Жиров, Бақыт Сәрсенбаев, Серік Сәпиев, Александр Винокуров, Ольга Рыпакова,
Елшат Рахимов, т.б.Бұлар -- спорттық Олимпия шыңына жеткен Қазақстанның әлемдік
мақтанышына айналған қаһармандары.
Олимпия биігінен ӛз аға- апаларын кӛріп ӛсіп келе жатқан жалынды жас ұрпаққа
спортта жоғары белестерді бағындыруға жағдай жеткілікті. Қазақстан дүние жүзіне
олимпиада ойындарын ӛткізе алатын мемлекет ретінде таныла отырып, бірнеше дүркін
олимпиада чемпиондарын тәрбиелеген ел ретінде келешекке сеніммен қарайды.
р/с Детальды ақпараттар
1.
2.
3.
паж керек болып жатыр бжб

kate832 kate832    3   01.03.2021 07:09    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi