1-тапсырма. Мәтінді оқы. Түсінгеніңді айтып бер (аудиожазылым) «Әдебиет» сөзі араб тілінен аударғанда «асыл сөз» деген мағынаны білдіреді. Барлық халықтың әдебиеті сияқты қазақ әдебиеті де екіге бөлінеді: біріншісі – ауыз әдебиеті, екіншісі — жазба әдебиеті. Ауыз әдебиеті – елдің жазу өнерін білмей жүрген кезінде шыққан сөз өнері.
Ауыз әдебиеті — халқымыздың асыл мұрасы. Онда халқымыздың ғасырлар бойы басынан кешірген тарихи белестері, елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлік, батырлық қимылдары, халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, арман-мүддесі, қиялы, жастардың кіршіксіз пәк махаббаты сөз өнерімен кестеленген.
Бұл тарауға тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, аңыз- әңгімелер, батырлық дастан мен лиро-эпостық жырлар, эпостық жырлар, ертегілер, айтыстар, жаңылтпаштар, шешендік сөздер сияқты ауыз әдебиетінің әр түрі енген.
Ауыз әдебиеті — талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертегішілері көне заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген.
Мәтінді пайдаланып, кестені толтыр
ТҰЖЫРЫМДЫ СӨЙЛЕМДЕР ШЫН ЖАЛҒАН
«Әдебиет» сөзі араб тілінен аударғанда «асыл сөз» деген мағынаны білдіреді.
Ауыз әдебиетінің сөздерін шығарушы-ақын-жазушылар.