1-тапсырма. Мәтінді оқы. Төмендегі тапсырмаларды орында. Үш әйел құдықтан су алып жатты. Олардың қасына бір қария келіп, демалып отырды. Әйелдер өздерінің балалары туралы мақтанып айта бастады.
Бірінші әйел:
- - Менің ұлым күшті әрі мықты, оны ешкім жеңе алмайды, - деді.
- - Ал менің ұлым әнді тамаша айтады. Ондай дауыс ешкімде жоқ, - деді екіншісі. Үшінші әйел үндемеді.
Әйелдер су алып, үйлеріне қайтты. Қария да олармен бірге жүрді. Әйелдер шаршап, демалуға тоқтады. Олардың алдынан үш бала шыға келді. Балалардың біреуі ары-бері секіріп, екіншісі ән айтып келе жатты. Ал үшінші бала жүгіріп келіп, анасының қолындағы ауыр шелекті алды.
Әйелдерқариядан:
- - Біздің ұлдарымыз қандай екен?- деп сұрады.
- - Мен бір ғана ұлды көріп тұрмын! - деді қария.
1) Әйелдер не туралысөйлесті?
А) ұлдарыныңөнерітуралы
В) құдықтыңсуытуралы
С) ауарайытуралы
D) қариятуралы
2) «Мен бір ғана ұлды көріп тұрмын» дегенде қария қай бала туралы айтты деп ойлайсың? Неліктен?
3) Әңгіменің кейіпкерлері мен олардың іс-әрекеттерін сәйкестендір.
Бірінші ұл анасының қолындағы шелекті алды.
Екінші ұл секіріп, өнер көрсетті.
Үшінші ұл әсем ән салып, таң қалдырды.
4) Неліктен? / не үшін? сұрақтарын пайдаланып, мәтін бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.