1-тапсырма Мәтінді оқы, мәтіннен 2 тұрақты тіркесті табыңдар(фразеологизмы), 3 сұраулы сөйлем құраңдар. Прочитать текст. Выписать фразеологизмы. Составить 3 вопросительных предложения.
Соғыста Исатай оққа ұшып, Махамбеттің жалғыздық зарын шеккеніне сегіз жыл үш ай болды. Ұзақ уақыттың ішінде жасаған сансыз жорығы ойына оралды. Исатайсыз бастаған ереуілі жеңіліс тапқалы бері Махамбеттің бармаған жері, баспаған тауы қалмады. Соттан кейін ел ішінде екі-үш жыл бейбіт күн кешкенде, Махамбеттің түбіне ауылдың ұсақ әкім-қаралар жетті. Қайда жүрсе де ізін аңдып маза бермеді. Оның есесіне ол қайта ширықты. Көкірегін долы күш кернеп бара жатты.