1-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтінге тақырып қой. Жоспар құр. (1 ұпай)

Қазақ халқы – өнерсүйгіш халық. Оның музыкалық мәдениеті өте бай. Халқымыз ақын, әнші-сазгерлерді ерекше құрметтеген. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай қазақтың классикалық әндерінің негізін қалаған. Қазақтың ұлттық музыка мәдениетінің ішінде ән салу мен ән шығару, домбыра, қобыз, сырнай тарту жақсы дамыған. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының арасынан көптеген әнші композиторлар, жырау-жыршылар, ақын-күйшілер шыққан.
Музыка – классикалық музыка, халық әндері, халық күйлері болып бөлінеді. Оны үлкен залдарда оркестр орындайды. Классикалық музыка терең мазмұнды болып келеді.
Қазақ әндерінің көпшілігі домбыраның сүйемелдеуімен орындалады. Қазақ әндері татулық пен бірлікті, байсалды мінезді, ақылдылықты насихаттайды. Қазақ халқы кең тараған халық әндері: «Дудар-ай», «Гүлдерайым», «Бір бала» және т.б.

Тапсырмалар:
А) Жоспар: (2ұпай)

Ә) Мәтіннің мазмұнына қатысты екі сұрақ құрастырып жаз. (2ұпай)
1)
2)
Б) Мәтінге сүйеніп, екі сөйлемді қаратпа және қыстырма сөйлемдерге айналдырып жаз. Үлгіге қарап орында. (2ұпай)
Үлгі: Әлібек, қазақ халқы – өнерсүйгіш халық екеніне көзім жетті.
1)
2)

dinka41 dinka41    3   04.03.2021 08:24    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi