1-тапсырма. Мәтінді оқы,мәтінге ат қой.Мәтін бойынша кластер құр. Қазақстандағы қазіргі өсімдіктер түрлері қылқанжапырақты ормандар, ұсақ
жапырақты орман-тоғайлар, бұталы тоғайлар, даланың бұталы өсімдіктері,
сексеуіл, шөлдің бұталы өсімдіктері, дала өсімдіктері, субтропиктік
өсімдіктер, шалғындар, тақырлар, шөлдің бір жылдық өсімдіктері болып
бөлінеді. Оларға геоботаникалық жағынан Еуразияның кылқан жапырақты
орманы (Оңтүстік Алтай), Еуропа, Сібірдің орманды даласы (Солтүстік
Қазақстан), Еуразия даласы (Еділ-Жайық, Мұғалжар-Торғай, Есіл-Нұра,
Қарағанды, Ұлытау- Сарысу, Жайсан бойы), Азияның шөлді аудандары
(Тұран ойпаты Солтүстік Тянь-Шань, Қаратау) кіреді
2-тапсырма. Мәтінді оқы,мәтінге ат қой.
Қазақстанның жануарлар дүниесі казiр сүтқоректілердің 178, кұстардың 489
балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады.
Таралуы жағынан олардың мекендері бірнеше зоогеографиялық аудандарға
бөлінеді. Оларға дала және орманды дала (Солтүстік Қазақстан, Ертіс өзені
бойы), шөлейт және шөл (Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалары,
Жайық бойы, Торғай, Қызылқұм Балқаш пен Зайсан көлінің жағасы
Бетпақдала, Сарысу, Сырдария жағалауы, Үстірт), таулы аудандар (Алтай,
Сауыр, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань, Қаратау, Ұлытау, Қалба,
Сарыарқа) жатады.
Мәтіннен алынған сөздерге сөйлем құр.
Жануарлар, шөлейт, кұстар, орман​

aa1055000p0c7vs aa1055000p0c7vs    1   02.11.2020 19:11    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi