1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтінде не туралы айтылған? Балқан түбегінен саяхаттан оралған соң-ақ әрі-сәрі ойланып,
Шыңғысты іздеп, жөн-жосығын қайткен күнде білмекке бел
байлаған едім. Шынын айтқанда, тірілер қатарына оны о бастан
қоспағанмын. Тірі болса, осы күнге дейін ол туралы қандай да бір
әңгіме естiр едік. Тасты нанша тiлген жойқын құрал туралы да білу
керек. Тау-кен жұмыстары жайындағы аз-маз түсінігім бойынша,
адамзат қолына мұндай құрал әзірше тиген емес. Шахтадағы кен
өндіру жұмысын бұрғылау қондырғылары атқарады. Шахтерлер
қолынан ауа қысымымен жұмыс істейтін перфораторлар әзірше
түсе қойған жоқ. Ал әсем ғимараттарды көркемдейтін гранит не
мәрмәр тақталарды бәз-баяғыдай қолмен өңдейтінін күн сайын
Алматының жаңа құрылыстарынан көріп жүрміз. Егер Шыңғыс
қолданған құрал адамзатқа белгілі болса, тау-кен жұмыстарында
төңкеріс туар еді.
Mangara
amivu
Шхтёрлар туралы
Объяснение: