1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Қандай мәселелер көтерілген? Алдыңғы сабақтағы тыңдалым мәтініндегі оймен сабақтастығы бар ма? Дәлелдеңдер.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының өзінде біздің еліміз егемен-
діктің ең негізгі алғышарттарын жасай алды. Ең алдымен, көпұлтты
елде халықтың ауызбірлігін сақтауға қол жеткізілді. Қазақстанды
мекен етіп жатқан ұлттар мен ұлыстардың барлығының мүддесін
Н.Назарбаев ортақтастыра алды. Елбасы ортақ үйімізде татулық
пен келісімнің болуы қай істің де сәтін салудың алғышарты
екенін ешқашан есінен шығарған жоқ. Дәл осы кезеңде талай
республикаларда азамат соғысы өршіп, мың-мыңдаған адам саясат-
тың сойылын соққан содырлардың сойқанынан құрбан болып жатты.
Құдайға шүкір, сол бір сын сағаттарда Қазақстан тыныштығын,
татулығын сақтап қалды. Елбасымыздың салиқалы саясаты біздің
ортақ шаңырағымызды жанжалдан сақтап қалғанын ешқашан
ұмытуға болмайды.
М.Жолдасбеков