1-тапсырма. Мәтінді оқы. 3 жай сұрақ, 3 күрделі сұрақ құрап, жаз. Өнертапқыш Серікбол Шаймардан электронды бесік жасады. Қалыптан бөлек «Smart Бесік» батарея немесе электр тоғымен жұмыс істейді. Бесікті пульттің көмегімен басқаруға болады. Бесік 5 режим бойынша ақырын я жылдам тербеледі. Тербетілу уақытын 90 минутқа дейін созуға болады.
Енді ата-аналар сәби жыласа, жан ұшыра жүгірмейтін болды. Бесік бала жылаған кезде оны бірден сезіп, тербеле бастайды. Ата-анасы пульт арқылы белгілі бір режимді таңдап қоя алады.
Бесікте баланың күйінен хабар беретін бірнеше құрылғы бар. Оның бірі бөбектің дене қызуын бақыласа, екіншісі жөргектің ылғалдығын анықтайды. Егер баланың қызуы бөлме температурасынан түсіп не асып кетсе: «Балаңыз тоңып қалды» немесе «Балаңыз ауырып қалды» деген дыбысты ескерту айтылады.
Ақылды бесік сәбиге қазақтың күйлерін тыңдатып, өлең де айтып береді.