1-тапсырма Мәтінді оқиды. Кейіпкерлерді тауып, сипаттама береді, мінез-құлқы мен іс-әрекетіне баға береді. ( Читаете текст. Находите и описываете персонажей, оцениваете их поведение и действия)
Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапан шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады екен.. Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады. Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкекке барады.
Қарлығаш: «Көкек, маған көмек бере гөр, балапандарымды жылан жейін деп жатыр!» – дейді.
- Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ, – дейді Көкек. Қарлығаш ұшып қарғаға келеді.
– Қарғажан, маған көмек бере гөр. Балапандарымды жылан жегелі жатыр, – дейді жылап .
Қарға Қарлығашқа қарамастан:- Мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма! – дейді.
Қарлығаш амалсыздан Дәуітке келеді:- Улы жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп барады.
-Олай болса, мені тезірек жеткіз, -дейді Дәуіт. Қарлығаш қанатына отырғызады. Олар көзді ашып-жұмғанша ұяға жетіп келеді.
Дәуіт ұяға жақындаған Жыланға тап береді. Жыланның көзін шұқып алады.Жылан сылқ етіп жерге құлайды..
Дәуіттің ерлігіне сүйсінген Қарлығаш онымен айнымас дос болады. Содан бері Қарлығаш пен Дәуіт бір ұяда тұрып, бірге өмір сүретін болған екен.
2-тапсырма. Жазылым
Өлеңді оқы, үй жануарлары мен жәндіктердің әрекетін тауып жазу.( Прочтите стихотворение, найдите и запишите действия домашних животных и насекомых)
Қажет сөздер: қоздап, лақтап, туып, кірісіпті, қонып, тартып.
Қой (қайтіп?),ешкі (қайтіп?), сиыр (қайтіп?)
Мәз-мейрам зор мереке жаздағы ел...
Инелік, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа,
Бәрі де (қайтіпті?) зор жұмысқа.
Бал ара гүлге (қайтті?). балын теріп,
Өзіншу әрқайсысы етіп нұсқа.
Шегіртке шырылдауық, жылан, қоңыз,
Бұлар да тамашалап (қайтіп?) қобыз.
3-тапсырма. Өлең үзіндісін оқып, сұрақтарға жауап бер. ( Прочтите отрывок и ответьте на вопросы)
Ұясы дөп-дөңгелек тостағандай,
Тап-таза, кіршік қиқым қоспағандай.
Бөленіа ақ бесікке алты бала,
Ұйқыдан әлі көзін ашпағандай.
Сұрақтар:
1.Ақын қарлығаштың ұясын қандай сөздермен сипаттайды?
2.Қарлығаштың неше балапаны бар?
Сабақты бекіту
• мәтінді түсініп оқыдың;
• негізгі кейіпкерлерді тауып, ойыңды жеткізе алдың;
• кейіпкерлердің сыртқы келбетін сипаттап, мінез-құлқы мен іс-әрекетіне баға бердің.

ficusborislav ficusborislav    1   29.12.2020 11:52    2

Ответы
taniussa1 taniussa1  28.01.2021 11:53

Кокек қарға өзімшіл тек өздерін ойлайды дәуіт батыл өзгелерді ойлайды

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi