1-тапсырма Мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Дәстүр дегеніміз –халық пен қоғамдық ұйымдардың мінез-құлқы, іс- әрекеттерінің рухани негізі. Дәстүр (traditio —жалғастыру)-тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрып, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары. Дәстүр адамдардың өмірлік қарекетін реттеудің маңызды факторы болып қызмет етіп, тәрбие негізі болып табылады. Ұлттырухтандырып, оның ішкі-сыртқы келбетін көрсететін сипаттарының бірі –дәстүр. Ол да тіл сияқты ұлттың қанында, жанында, рухында жүретін, ұлтүшін аса қажетті, қасиетті нәрсе. Әр ұлттың көрнекті, ғұлама адамдары өз халқының салт-дәстүрін жақсы білген. Дәстүрді жақсы білгендіктен, олардың шығармалары оқырмандары үшін тартымды, қызықты, халықтың көкейіне қонымды. Сондай-ақ ел басқаратын адамдарға дәстүрді жақсы білгеннің артықтығы жоқ. Халықпен тіл табысуына жақсы. Қазақ халқында дәстүр мәселесін терең меңгерген адамдар билер болатын. Олар әдет- ғұрып, салт-сананы терең біле отырып, әділ билік жасаған. «Дәстүр» деген ұғым – жалпы ұлт рухының негізгі бөлігі. Ұлттың мінез-құлқын, психологиясын танытатын тамаша салт-дәстүрлер сол ұлттың рухын байытып отырған.
Негізгі ақпарат 1. 2. 3.

Жанама ақпарат 1. 2. 3.

irinalika irinalika    3   02.10.2021 00:46    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi