1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңдаңыз, мазмұнын өз сөзіңізбен баяндаңыз. Сұрақ құрастырыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз.

Қазақ күресі

Қазақ күресінің Олимпиада және Азия ойындарының спорт бағдарламасына енуі мүмкін. Бұл туралы бүгін «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры өткізген ба з мәслихатында айтылды. Алайда ол үшін қазақ күресі өз елімізде қарқынды дамуы керек. «Қазақстан барысы», «Еуразия барысы», «Жас барыс» және енді өтетін «Әлем барысы» осы бағытта жасалған жұмыстардың бір бөлшегі.

«Болашақта қазақ күресі әлемдік деңгейге көтерілетін болса, онда оның атауын бір халықпен байланыстыру – шетелде кедергілерге тап болуы мүмкін. Біздің басты мақсат қазақ күресі арқылы қазақтың болмысын көрсету. Себебі Жапонияның сумосы да Олимпиадалық спорт бағдарламасына кірмейді. Алайда спорттың осы түрі арқылы бар әлем жапониялықтарды таниды» - дейді Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев.

«Қазақ күресін Олимпиадалық спорт бағдарламасына енгізу үшін көп жұмыс атқару керек. Осы уақытқа дейін де көп іс атқарылды. Біз дзюдоның олимпиадалық спорт түріне айналғанын зерттеп жатырмыз. Ең алдымен біз бұл спортты өз елімізде дамытып, насихаттау қажетпіз. Екіншіден, үлкен жарыстар арқылы оны әлемге танытып, мойындату қажет. Мысалы, қазақ күресі Азия ойындарының қатарына енуі мүмкін. Біз хат жібердік» - деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Тастанбек Есентаев.

І. Сұрақ құрастырыңыз:

___
___
___

ІІ. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Елімізде қазақ күресі дамып келеді ме? Мысал келтіріңіз.

2. Біздің қазақ күресін дамытудағы мақсатымыз не?

3. Қазақ күресін Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу үшін не істеуіміз керек?
до завтра! ​

клинт клинт    1   11.12.2020 05:26    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi