1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз, мәтінге ат қойып, оқиғаны
дамытыңыз.
Екі көрші өмір сүріпті. Қыс келіп, кар түседі. Бірінші көрші
таң ертемен күрегін алып есіктің алдындағы қарды тазалауға
шығады. Жолды тазалап жүріп, көршісінің жағына көз
тастайды. Ал көршісінің есігінің алды тапталған тап-таза.
Келесі күні таңертең тағы да қар жауады. Бірінші көрші жарты
сағат бұрын тұрып, жұмысқа кіріседі, караса - көршісінің жолы
тап-таза. Үшінші күні де көп қар түседі. Бірінші көрші одан да
ерте тұрып тазалауға кіріседі, ал көршісінде - жолы тағы да
түп-түзу, айнадай жарқырап жатыр! Сол күні олар көшеде
кездесіп, ананы-мынаны айтып сөйлесіп қалады, сол жерде
бірінші көрші екіншісінен сұрайды:
Тыңдашы, көрші, сен есігіңнің алдындағы қарды қай уақытта
жинап үлгересің?
Екінші көрші алдымен таң калады да, соңынан күліп жібереді:
Мен оны тіпті де жинамаймын - маған достарым келеді!

данила305 данила305    3   30.04.2020 06:12    104

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi